Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының 2-тарауын негізге ала отырып, 2022 жылдың 21 сәуірінен бастап Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Рауан елді-мекенінде орналасқан «74 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің 2 мүшесінің кеңес құрамынан өз арызы негізінде шығуына байланысты кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдайтындығын хабарлайды. Қамқоршылық кеңес құрамына ұсыныс білдірушілер 8-705-478-25-15 нөміріне хабарласуға болады.