№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
"Тәртіп сақшылары"
2023 жылдың 24 қараша күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сағат 22:00-ден 24:00-ге  дейін түнгі рейд жүргізілді. Рейдке "Тәртіп сақшылары" жасағының басшысы Ахметов Алибек Жубанышулы және мүшелері  10 сынып оқушылары Арманұлы Арсен мен Өмірзақ Алиби шықты. Рейд барысында Рауан елді мекенінің көшелерін, мектеп ғимаратының аумағы және  дүкендер аймағы тексерілді. Тексеру барысында ешқандай құқықбұзушылық фактілері анықталған жоқ. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ай сайын түнгі рейд ұйымдастырылады.