№74 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП
0
Вернуться на главный сайт
13 желтоқсан күні мектебіміздің “Сырғалым” қыз балалар клубының мүшелері облыстық “Шолпы” қыз балалар клубының құрылғанына 10 жыл толуы мерейтойына арналған “Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі” атты І облыстық қыз балалар конференциясына қатысты

13 желтоқсан күні мектебіміздің “Сырғалым” қыз балалар клубының мүшелері облыстық “Шолпы” қыз балалар клубының құрылғанына 10 жыл толуы мерейтойына арналған “Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі” атты І облыстық қыз балалар конференциясына қатысты. Конференцияны “Құрмет” орденінің иегері, облыстық мәслихаттың депутаты, “Шолпы” клубының кеңес мүшесі Б.Қ.Қалмағанбетов жүргізді. Зиялы қауым өкілдері жиналған шарада қыз баланың тәрбиесі туралы сөз қозғап, құнды пікірлерді ортаға салды. Облысымызда алғашқылардың бірі боп ашылған “Шолпы” қыз балалар клубының құрылтайшысы ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР журналистер Одағының мүшесі Сарыбай Алмагүл Сүндетқызына үлкен алғыс айтамыз. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында ұлттық құндылықтарды болашақ жас ұрпақ бойына сіңіруде атқарып жатырған ерен еңбегіне табыстар тілейміз!
“Шолпы” қыз балалар клубының ізімен мектебімізде ашылған “Сырғалым” қыз балалар клубының жетекшісі Жабаева Эндира Маратқызының да еңбегі еленіп, «Шолпы» қоғамдық қорының басшысының АЛҒЫС ХАТЫ табыс етілді.